«Қазгидромет» синоптиктері 18 желтоқсан, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
18 желтоқсанда түннің бірінші жартысында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты қар жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында төменгі боран күтіледі. Ал батысында, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей кездері қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында көктайғақ пен тұман болуы мүмкін.
Жетісу облысының орталығында және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
Түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қар жауып, төменгі боран соғуы мүмкін, күндіз таулы өңірлерде қар мен төменгі боран күтіледі. Кей кездері тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар жауып, боран соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін.
Сондай-ақ 18 желтоқсанда күндіз Абай облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауып, боран соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ақмола облысында аздаған қар жауып, төменгі боран соғуы мүмкін.
Бұдан бөлек, түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында қар жауып, төменгі боран күтіледі, ал күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында аздаған қар және төменгі боран болуы ықтимал. Облыстың батысында тұман түсуі мүмкін.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында қар жауып, боран соғады. Облыстың батысында және солтүстігінде тұман күтіледі.
Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында аздаған қар жауып, төменгі боран соғуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және шығысында тұман түсуі ықтимал.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-батысында қар жауып, төменгі боран күтіледі.
18 желтоқсанда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында және Атырау қаласында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, төменгі боран күтіледі, ал облыстың оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман мен көктайғақ күтіледі.
18 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында және Қызылорда қаласында тұман түсуі мүмкін.