АҚШ-та ұры полицейді атып өлтірмек болды

Сырым Қаржас
Видео кадры

АҚШ-тың Walmart дүкенінде ұры полиция қызметкерін атып өлтірмек болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға АҚШ-тың Огайо штатындағы Кантон қаласында Walmart дүкенінде болған. 

Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшылары дүкеннің ұрлықтың алдын алу бөлімі ішінде ер адам мен әйелді ұстау кезінде, ер адам кенеттен тапаншасын шығарып, полиция қызметкеріне оқ атуға тырысқан. Бірақ белгісіз себеппен қарудан оқ атылмаған.

Оқиға болған сәт полиция қызметкерінің денесіне тағылған камераға түсіп қалған. Бейнежазбада 21 жастағы күдіктінің Walmart дүкенінде қару шығарып, полицейді атуға әрекет жасағаны анық көрінеді.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, күдіктіге кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша айып тағылған. Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ.