Астанада өрт кезінде үш қабатты ғимараттың шатыры опырылып түсті

Сырым Қаржас
Төтенше жағдайлар министрлігі

Астанада Сарыарқа ауданындағы Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан үш қабатты ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде ғимараттың екінші және үшінші қабаттарын өрт шарпыған. Өрт салдарынан шатырдың бір бөлігі опырылып түскен.

– Өрт сөндіруші бөлімшелердің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, әрі қарай таралуына жол берілмеді. Бұл оқиғаның салдарын барынша азайтуға мүмкіндік берді, – делінген ведомство хабарламасында.

Өрт шамамен 800 шаршы метр аумақты шарпыды. Қазіргі таңда өрт толық сөндірілген. 112 жедел қызмет пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.