АҚШ Diversity Visa бағдарламасы бойынша барлық визаны беруді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
DV бағдарламасы бойынша бұрын белгіленген сұқбаттар әдеттегі тәртіпте сақталады және күшін жоймайды немесе кейінге қалдырылмайды. АҚШ Мемлекеттік департаменті өтініш иелерін дер кезінде хабардар етіп, жаңа ақпарат түскен сайын жаңартылған мәлімет ұсынатынын мәлімдеді.
— Осы сәттен бастап АҚШ Мемлекеттік департаменті Diversity Visa бағдарламасы бойынша барлық өтініш берушілерге визаларды беруді уақытша тоқтатады. DV бағдарламасына қатысушылар виза алуға өтініш беруді және сұхбаттан өтуді жалғастыра алады, Мемлекеттік департамент сұқбаттарды тағайындай береді, алайда DV визаларын беру тоқтатылды, — деп хабарлады Өзбекстанда жұмыс істейтін америкалық дипломаттар.
DV бағдарламасына қатысты кейінгі өзгерістер мен нақтылау мәліметтері уәкілетті органдар тарапынан қосымша жарияланатын болады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін АҚШ грин-карта беруді тоқтатты.