Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ-пен болашақтағы қарым-қатынас жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ тарапынан әскери қысым жалғасып жатқанымен, Вашингтонмен мұнай, көші-қон және есірткі трафигіне қарсы күрес мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын екенін мәлімдеді.
— Қай жерде болса да, қашан қаласа да келіссөз жүргі, — деп жауап берді ол АҚШ-пен диалогтың мүмкіндігі туралы сұраққа.
Сонымен қатар, Мадуро өткен жылдың қарашасында Дональд Трамппен болған тілдесуін де оң бағалады.
— Ол әңгіме, менің ойымша, тіпті жағымды өтті. Алайда одан кейінгі оқиғалар жағымсыз сипат алды. Күте тұрайық, — деді ол.
Еске салайық, АҚШ билігі Николас Мадуроны Латын Америкасындағы қылмыстық топтармен байланысы бар деп айыптайды.