Жұманғариннің әйелі 2024 жылы 89 млн теңгеге жуық табыс тапқан

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

Ұлттық экономика министрлігі лауазымды адамдарының 2024 жылғы кірістері бойынша мәліметті жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Құжатта премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің отбасы мүшелерінің табысы да көрсетілген.

Ұлттық экономика министрлігінің сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, есепті салық кезеңінде көрсетілген табыс министрдің өзіне емес, оның жұбайы Сәния Садықоваға тиесілі.

Декларацияда көрсетілген мәлімет бойынша, Сәния Садықованың 2024 жылғы жалпы табысы 88 678 984 теңге болған. Аталған қаражат бағалы қағаздар нарығына инвестиция салудан түскен кірістер, яғни дивидендтер мен сыйақылар ретінде алынған.

скриншот

Құжатта табыс жеке тұлға ретінде дербес салық салуға жататыны атап көрсетілген.