Украинаға 15 мыңға дейін әскери жіберіледі

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Украина аумағында шетелдік әскери бөлімдер мен нысандарды орналастыруды елдің қауіпсіздігіне тікелей қатер деп атады. Оның айтуынша, мұндай бөлімдер мен нысандар Ресей армиясы үшін заңды әскери мақсат ретінде қарастырылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПАРИЖДЕГІ ҚҰЖАТ

Захарова 6 қаңтарда Парижде "қалағандар коалициясы" қол қойған Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері туралы декларацияға және Франция, Ұлыбритания, Украина арасындағы үшжақты келісімге сілтеме жасады. Құжатқа сәйкес, соғыс аяқталғаннан кейін француз және британ әскері Украинада орналастырылмақ.

ҰЛЫБРИТАНИЯ МӘЛІМЕТІ

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Париждегі кездесуде қол қойылған декларацияны "құқықтық негіз" деп атады. Ол Ұлыбритания мен Франция атысты тоқтату режимі басталған соң Украинада әскери орталықтар құрып, қару-жарақ пен техника сақтайтын қорғаныс нысандарын салатынын айтты.

ӘСКЕРИ КОНТИНГЕНТ

The Times басылымының дерегінше, Ұлыбритания мен Франция Украинаға 15 мыңға дейін әскери жіберуді жоспарлап отыр. Германия да Украинаға жақын аймақтарда күштерін орналастыруға дайын. Басылым бұл сан күткеннен әлдеқайда аз екенін атап өтті.

УКРАИНА ПІКІРІ

Украина президенті Владимир Зеленский Франция және Ұлыбританиямен келісімді "өте нақты" деп бағалады. Оның айтуынша, Киев қай елдің қандай үлес қосатынын толық білед