Аяғын атқан: жарақат алған сарбаздың жағдайы қалай

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының мәліметінше, оқиға 13 қаңтар күні сағат 15:05 шамасында Алматыдағы 5571 әскери бөлімнің оқу полигонында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жоспарлы әскери дайындық барысында қауіпсіздік талаптары бұзылып, 2025 жылғы шақырылымның қатардағы сарбазы Г. автомат АК-74 қаруынан өз аяғын жанай атқан.

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

Оқиға орнында оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады – өмірге маңызды ағзалары зақымданбаған.

ТЕРГЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Әскери бөлімде қызметтік тергеу басталды.