Нұрайдың өлімі: ІІМ істі 5 күннен кейін бақылауына алған

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Шымкентте қызды өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу ІІМ қанды қылмыс болғаннан кейін бес күннен соң бақылауына алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шымкент қаласы полиция қызметкерлері тарапынан уақтылы шаралар қабылданбауы мүмкін деген пікірлер мен уәждер бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.

Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ең тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы тергеу-жедел тобы құрылды.

Қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша күдіктінің барлық әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Тергеу-жедел іс-шаралар кешені жалғасуда, оның барысында барлық түскен мәліметтер, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, талдануда.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, қанды оқиға 11 қаңтар күні Шымкентте болған еді. Күдікті Нұрайды аңдып, артынан қуып жетіп, бірнеше рет пышақтап өлтірген болатын. Полиция дерегінше екеуі бұрын таныс болған. Нұрай алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. 

Күдікті екі күннен кейін, яғни 13 қаңтарда ұсталған