Kaspi.kz «Мошенники» сериалының екінші маусымына қолдау білдірді

Ulysmedia
Ашық дереккөзден

Kaspi.kz басты рөлді Рүстем Омаров сомдаған танымал қазақстандық «Мошенники» сериалының екінші маусымының демеушісі болды. Жоба нақты өмірдегі алаяқтық схемаларға негізделген және маңызды әлеуметтік миссия атқарады: көрермендерге қылмыскерлердің айла-тәсілдерін тануға көмектесіп, елде және өңірде қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады.

Жаңа маусымның алғашқы төрт сериясы 15 қаңтардан бастап Unico Play және Start платформаларында қолжетімді.

«Мошенники» – әлеуметтік әсері бар сериал

«Мошенники» — жай ғана криминалдық триллер емес. Бұл сериал соңғы жылдардағы ең көп талқыланған әрі танымал жобалардың біріне айналды.

Онда алаяқтық әрекеттер қылмыскерлердің өз көзімен, «ішінен» көрсетіледі. Соның арқасында көрермендер түрлі алаяқтық схемалардың қалай жұмыс істейтінін және олардың қандай салдарға әкелетінін түсінеді. Осындай шынайылық сериалдың кең танымал болуына және қоғамда үлкен мәдени резонанс тудыруына себеп болды.

Kaspi.kz-тің әлеуметтік-ағартушылық жобасы

«Мошенники» сериалының алғашқы маусымының табысынан шабыттанған Kaspi.kz B.A.S. Production студиясымен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен 2025 жылы алаяқтыққа қарсы ауқымды әлеуметтік-ағартушылық жобаны іске қосты.

Жоба аясында қысқа форматтағы оқыту бейнероликтер циклі түсірілді. Онда сериал актерлері алаяқтардың адамдарды қалай алдайтынын, құпия кодтарды алдап алатынын және белгісіз шоттарға ақша аудартатынын көрнекі түрде көрсетеді. Барлық сценарийлер нақты оқиғаларға негізделген.

Бір жыл ішінде Қазақстанда және одан тыс жерлерде кең таралған алаяқтық схемалар туралы 19 бейнеролик жарық көрді.

Жобаның қамту ауқымы ең батыл болжамдардан да асып түсті: еліміздің жетекші телеарналары эпизодтарды жалпы саны 2 500 реттен астам көрсетті, Kaspi.kz-тің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында олар 190 миллионнан астам қаралым жинады, ал мобильді қосымша арқылы клиенттерге бейнероликтерге сілтемесі бар 36 миллион хабарлама жолданды. Бұл елдегі ең ірі ақпараттық қамтулардың бірі болды.

Kaspi.kz алаяқтық әрекеттерге қатысты жүгінулер саны бес есеге қысқарған, бұл жобаның адамдар үшін нақты пайда әкелгенінің айқын дәлелі екенін атап өтті.

Осылайша Kaspi.kz жобасы компания клиенттерімен жұмыс шеңберінен шығып, қоғам қауіпсіздігіне қосылған маңызды үлеске айналды.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz компаниясының басшысы әрі тең құрылтайшысы:

- Біз сервистерімізді үнемі дамытып, оларды адамдар үшін барынша ыңғайлы әрі пайдалы етуге тырысамыз. Клиенттерімізді қорғау үшін ең заманауи технологияларды қолданамыз және қауіпсіздік жүйелерін үздіксіз жетілдіріп келеміз.

Сонымен қатар біз үнемі ескертіп отырамыз: ешкімге жеке деректерді айтуға, мобильді қосымшаға қолжетімділік беруге, SMS арқылы келетін құпия парольдер мен кодтарды хабарлауға болмайды.

Алаяқтардың адамдардың сеніміне қалай кіретінін көрнекі түрде көрсету және барынша көп адамды қорғауға көмектесу үшін біз оқыту роликтерін шығардық әрі «Мошенники» сериалының екінші маусымын қолдадық.

Баршаңызға жағымды көрілім тілеймін және тағы да еске саламын — сақ болыңыздар, құпия деректеріңізді ешкімге бермеңіздер!»

Рүстем Омаров, басты рөлді сомдаған актер:

- Kaspi.kz-пен бірлесіп үлкен жоба жасадық. Жұмыс істеу өте жағымды болды. Kaspi.kz, Ішкі істер министрлігі, прокуратура және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі нақты алаяқтық оқиғалар туралы ақпарат беріп отырды.

Барлық қатысушылар бұл мәселенің қаншалықты өзекті екенін жақсы түсінді, сондықтан әркім бар күшін салды. Біз түсірген роликтер миллиондаған қаралым жинады. Бірақ ең бастысы — нақты нәтиже бар.

Біз алдағы уақытта да алаяқтық схемалар туралы айтып, адамдардың барынша сақ болуына үлес қоса береміз.

Kaspi.kz алаяқтардан қорғау жүйесі

Kaspi.kz адамдарға алаяқтардың айла-тәсілдерін түсіндіріп қана қоймай, өзінің қауіпсіздік жүйесін де үнемі жетілдіріп келеді.

2025 жылы компания 330 мың алаяқтық транзакцияның алдын алып, жалпы сомасы 24 миллиард теңгеден асатын қаржыны бұғаттады. Соның арқасында мыңдаған клиент өз қаражатын сақтап қалды.

Алаяқтардан қалай қорғануға болады

  • Ешкімге парольдеріңізді, PIN-кодтарды және SMS арқылы келетін құпия кодтарды хабарламаңыз.

  • Қоңырау шалған адам өзін кім деп таныстырса да, белгісіз шоттарға немесе нөмірлерге ақша аудармаңыз.

  • Алаяқтыққа күмән туындаған жағдайда дереу өз банкіңізге хабарласып, кеңес пен көмек алыңыз.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы — клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистер жасау.

Компания инновацияларының орталығында еліміздегі ең танымал мобильді суперқосымша — Kaspi.kz тұр. Оны бүгінде 16 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады.

Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар:

  • тегін жеткізумен тиімді онлайн сауда жасайды;

  • комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жүргізеді;

  • жеке қаржысын басқарады;

  • әуе және теміржол билеттерін сатып алады;

  • турлар рәсімдейді;

  • ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Бизнеске арналған Kaspi Pay суперқосымшасын 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер қолданады. Қосымша арқылы кәсіпкерлер:

  • бизнесін дамытуға қаржы алады;

  • төлем қабылдайды;

  • жарнама науқандарын іске қосады;

  • салық төлейді;

  • бүкіл ел бойынша тауар сатады.

Сонымен қатар Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын әзірлеген. Бұл кейстер бірнеше жылдан бері магистратура студенттерін оқытуда қолданылып келеді.