Нұрайдың өлімі: Шымкент полициясының басшылығы қызметінен кетті

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы және оның бірінші орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлерінің марқұм Нұрайдың туыстарының өтініштерін тиісінше қарамаудың ықтимал фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Қылмыстық іс шеңберінде жедел ден қоймау және уақтылы шаралар қабылдамау бойынша барлық дәйектер жан-жақты тексерілетін болады. 

Тергеу қорытындысы бойынша заңда белгіленген тәртіппен лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

ҚЫЗМЕТТІК ТЕКСЕРІС

Сонымен қатар қызметтік тергеу жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша басқарушылық жауапкершілік негізінде тәртіптік шаралар қабылданған. 

Құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы және оның бірінші орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылып, бірқатар лауазымды тұлғалар ішкі істер органдарынан қызметтен шығарылды.

ПРЕЗИДЕНТ РЕАКЦИЯСЫ

Еске салайық, бүгін Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың ісіне қатысты пікір білдірген болатын

КОНТЕКСТ

Сөз болып отырған қанды оқиға 11 қаңтар күні Шымкентте болған еді. Күдікті Нұрайды аңдып, артынан қуып жетіп, бірнеше рет пышақтап өлтірген болатын. Полиция дерегінше екеуі бұрын таныс болған. Нұрай алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.