Атырау маңындағы түрмеде өрт шықты: сотталғандар зардап шекті

Сырым Қаржас
istock

Атырау облысындағы түзеу мекемелерінің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҚАЖК дерегінше, барактардың бірінде қысқа тұйықталу болып, соның салдарынан түтін шыққан. Екі сотталған адам көмірқышқыл газына уланып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Өмірлеріне қауіп жоқ. Ведомство қаза тапқандар жоқ екенін, жағдайдың реттелгенін және колонияның қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда кафе жарылып, төрт адам зардап шеккенін хабарлаған едік.