Ауғанстанда ауа райының қолайсыздығы салдарынан кемінде 61 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Khaama Press агенттігінің мәліметінше, елдің төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық басқармасы тағы шамамен 110 адамның жарақат алғанын хабарлаған.
ЕҢ КӨП ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАР
21-23 қаңтар аралығында жауған қалың қар мен нөсер жаңбыр әсіресе инфрақұрылымы табиғи апаттарға төтеп беруге әлсіз ауылдық және таулы өңірлерге ауыр соққы болды. Ведомство дерегіне сәйкес, 458 үй толық немесе жартылай қираған. Жолдарда қар құрсауы пайда болып, негізгі тасжолдар уақытша жабылды.
Синоптиктер кей өңірлерде қар әлі де жаууы мүмкін екенін ескертті. Билік өкілдері қаза тапқандар мен зардап шеккендер санының артуы ықтимал екенін жоққа шығармайды.