Нұрай Серікбайдың ағасы резонанс тудырған видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Қатыгездікпен өлтірілген Нұрай Серікбайдың ағасы күдікті Шерхан Аймаханға өз еркімен барғанын айтқан студент қыздың видеосына пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еске сала кетейік, қызды өлтірді деген күдікке ілінген Шерхан Аймахан қазан айының басында Нұрайды Алматыдан Шымкентке өз үйіне алып кеткен. Ол жақтан Нұрайды жақындары полиция шақыртып алып кеткен. Видеоны тергеу барысында қызметтік салғырттық дерегі бойынша жұмыстан босатылған бұрынғы полиция қызметкері жариялаған, деп жазды «Жетінші арна».

— Тергеушінің видео түсіргенін және қызды «тойдағыдай қарсы алды» деген сөздердің бұрыннан айтылғанын біз білетінбіз әрі бұл жөнінде бірнеше рет айтқанбыз. Бірақ дәл қазір бұл материалды жариялау не үшін қажет болғанын түсіне алмай отырмын. Бұл видео отбасымызға өте ауыр тиді. Кадрлардан Нұрайдың зорға сөйлеп тұрғаны анық байқалады, бұл жүректі ауыртады. Оның ауыр психологиялық әрі моральдық жағдайда болғаны кез келген адамға түсінікті. Бұл видеоны кім және қандай мақсатпен жариялағанын біз шын мәнінде түсінбей отырмыз, — деді Сұлтан Серікбай.

ПРЕЗИДЕНТ РЕАКЦИЯСЫ

Еске салайық, бүгін Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың ісіне қатысты пікір білдірген болатын. Артынша Шымкент полициясының басшылығы қызметінен кетті

КОНТЕКСТ

Сөз болып отырған қанды оқиға 11 қаңтар күні Шымкентте болған еді. Күдікті Нұрайды аңдып, артынан қуып жетіп, бірнеше рет пышақтап өлтірген болатын. Полиция дерегінше екеуі бұрын таныс болған. Нұрай алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.