Ресей қазақстандық қыздарды дрон құрастыруға шақыра бастаған

Сырым Қаржас
east2west news

Татарстандағы зауытқа жұмысқа әйелдерді тарту негізінен әлеуметтік желілердегі агрессивті жарнама арқылы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алғашында «Алабуга Старт» бағдарламасы арқылы Ресей жұмыс күшін Африка елдерінен, кейін Оңтүстік және Орталық Америкадан тартқан. Алайда өткен жылы РФ Орталық Азияға бет бұрған. Бұл туралы «Настоящее время» басылымы «Демократияны қорғау қорының» деректеріне сүйене отырып хабарлады.

Журналистік зерттеулерге сәйкес, әйелдерге уәде етілген даяшы немесе қызмет көрсету саласындағы жұмыс орнының орнына оларды «Герань-2» (Shahed-136) әскери дрондарын құрастыруға мәжбүрлейді. Жұмыс шарттары ауыр: 12 сағаттық ауысым, жалақысы аз және ең қауіптісі — улы химиялық заттармен жұмыс істеу.

ҚАЗАҚСТАН

Қазақстандық пиар-маман әрі кәсіби бағдар беру саласының маманы Дарья Бублик өткен жылы өзіне «Алабуга» өкілдері хабарласқанын айтты. Ресейлік тарапты 16 мен 22 жас аралығындағы қыздарды жұмысқа тарту қызықтырған.

— Маған әрбір жұмысқа орналасқан қазақстандық үшін ақша ұсынды. Мен бұл ұсыныстан бірден бас тарттым. Қазақстандық қыздарға Татарстанда қандай болашақ уәде етіліп отыр? Маған асхана мен қызмет көрсету саласында жұмыс бар, әрі жалақысы жоғары деп түсіндірді. Алайда «Алабуга» бұған дейін де еңбек күшін алдау схемаларына қатысты бірнеше зерттеуде аталған. БАҚ-та жастар мансап пен болашаққа сеніп, жарнамасы жер жарған өңірге аттанып, соңында әскери дрон құрастырылатын зауыттан бір-ақ шығатыны бірнеше рет жазылды, — деді Дарья Бублик.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ресей Орталық Азия әйелдерін соғысқа тарта бастағаны хабарланған еді