Қазақ ұлттық қыздар университеті ғимаратының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды

Сырым Қаржас
Қазақ ұлттық қыздар университеті

Алматыда прокуратура ұлттық университет ғимаратының бір бөлігін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы прокуратурасы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғимаратының 208 шаршы метр бөлігі заңсыз жекешелендірілгенін анықтады.

 Прокуратураның талап-арызы бойынша сот, жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Сот актісі заңды күшіне енді.
 
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласындағы уәкілетті орган қайтарылған активке бағалау жүргізіп жатыр. 

– Мемлекеттік мүлікті пайдалану және иеліктен шығарудың заңдылығын қадағалау, Алматы қаласы прокуратурасының жіті бақылауында, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек тоқсаныншы жылдары жабайы жекешелендіру аясында бірнеше универсиеттің оқу корпустары, жатақханалары жекешелендіріліп кеткенін айтқан еді.