Райымбек Баталов Қазақстан президентінің кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады. Айта кетейік, бұған дейін Райымбек Баталов Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасын басқарған.
КОНТЕКСТ
23 қаңтарда өткен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII съезінде президиум төрағасы болып Қанат Шарлапаев сайланды. Ол бұған дейін өнеркәсіп министрі әрі Қазақстан президентінің көмекшісі қызметтерін атқарған.
Қанат Шарлапаев бұл қызметте 2022 жылдан бері ұлттық палатаны басқарған Райымбек Баталовтың орнына келді.