Қазақстанда 4,5 мың адам ағзасын ауыстыру үшін кезекте тұр

Ulysmedia
Көрнекі сурет. Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда донорлық ағза кезегінде 4 506 адам тұр, олардың арасында балалар да бар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы донорлық ағзалардың жетіспеушілігі салдарынан 342 науқас көз жұмған, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

«Бүгінгі таңда күту парағында балаларды қосқанда 4506 пациент бар. Тек 2025 жылы донорлық ағзалардың болмауына байланысты 342 адам трансплантаттауды күте алмай, көз жұмды», – делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, елде донорлық жүйе жұмыс істеп тұр. Алайда көп жағдайда марқұмдардың туыстары олардың ағзаларын донорлыққа беруге келісімін бермейді.