Шымкентте бір отбасының үш бірдей мүшесі иіс тиіп қаза болды

Ulysmedia
kaznovosti.kz

Шымкентте бір отбасының үш бірдей мүшесі иіс тиіп қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Марқұмдар «Шығыс» ықшам ауданында пәтер жалдап тұрған. Отбасында анасы, ұлы және әжесі болған. Үйден ешкім шықпай қалғаннан кейін, көмекті көршілері шақырған.

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, хабар 8 ақпан күні түстен кейін түскен.

Құтқарушылар үйден үш адамның денесін алып шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың барлығы иіс тиіс қаза тапқан.

Контекст

Қазақстанда өрттен қаза болған отбасылар мен балалар жайлы ақпарат жиі шығады. 2019 жылы ақпанда Астананың шетіндегі Көктал-1 елді мекеніндегі шағын жер үйде өрт шығып, бір отбасының бес қызы көз жұмған. Олардың үлкені 12 жаста, ал кенжесі тоғыз айлық еді. Өрт болғанда қыздардың ата-анасы түнгі ауысыммен жұмысқа кеткен. Қоғамдық резонанстан кейін қаралы отбасына үй берілген. 2024 жылы қазанда Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке үйде өрт болып, бес бала өлі табылған. Дәл осы жылы ақпанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Талды ауылында жеке үйден өрт шығып, төрт бала көз жұмған. 2025 жылы маусымда Батыс Қазақстан облысындағы Жымпиты ауылында бір отбасының бес бірдей баласы ыс тиіп қаза болған. Үйдің ішінде 30 шаршы метр жер өртенген. Балалар ыстан есінен танып қалған. Кейіннен ауруханада көз жұмған.