Миллиардтап ақша жымқырып, сотталған экс-ректор бостандыққа шықты

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Алматыда ақша жымқырып, сотталған экс-ректор Дамир Шыныбеков бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҚАЖК мәліметінше, экс-ректорға заңда белгіленген тәртіппен рақымшылық жасалды, нәтижесінде жаза мерзімі қысқартылды. Қайта есептелген мерзімді ескере отырып, сотталған адам сот тағайындаған жазаны толық өтеп, заңды негізде босатылды.

- Материалдарды қарау, мерзімдерді қайта есептеу және сотталғандарға қатысты шешімдер қабылдау соттың құзыретіне жатады және міндетті түрде орындалуға жатады. Заңнаманың талаптарына сәйкес сотталған адамның жеке ісіндегі мәліметтер жария етуге жатпайды, – дейді ҚАЖК өкілдері.