FlyArystan-ға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Алматыда FlyArystan-ға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Нұрланұлы айтты.

Департамент тасымалдаушының қол жүгінің артық салмағы үшін нақты артық мөлшеріне қарамастан бірдей ақы алғанын анықтаған.

- Нарықта нақты артық салмаққа қарай сараланған төлем тәжірибесі бар екенін көріп отырмыз. Бұл тәсілден бас тарту, біздің ойымызша, тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын шектейді. Сондықтан әуе компаниясына қатысты тергеу басталды, – деді Нұржан Нұрланұлы.