Қазақстанда Қытаймен бірлесіп екі жел электр стансасы және күн электр стансасы салынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов хабарлады.
- Қытаймен келісім бойынша үш жоба бар. Біріншісі ірі жел электр станциясы. 1000 мегаваттық ЖЭС Павлодар облысында салынады. Екіншісі 500 мегаваттық ЖЭС Қарағанды облысында салынады. Сонымен қатар, 300 мегаваттың күн электр станциясы Түркістан облысында салынады. Қытай - жобалық компания, негізгі инвестор солар. Бірақ Қазақстан тарапынан да құрылысты салудағы үлесі бар, 25-30 пайыз. Күн электр станциясының құрылысы желтоқсан айында басталды. 2027 жылдың бірінші тоқсанында салып біту жоспарланып отыр, – дейді вице-министр.
Қалған екі жобаның құрылысы алдағы 2-3 жылда басталмақ. Сұңғат Есімхановтың сөзінше, үш жобаның ортақ бюджеті 2,2 млрд доллар инвестиция салынған.
Қазақстанда бұл станцияларда жұмыс істеп кететін мамандар бар ма?
Сұңғат Есімхановтың сөзінше, энергетика саласында мамандар баршылық.
- Бұл жобаларда көп, тұрақты жұмыс істеу қажеттілігі жоқ. Сондықтан шетелдік компанияларда жұмыс істеп жатқан адамдардың 95 пайызы Қазақстан азаматтары. Әрине, басшылыққа өз азаматтарын қояды. Бірақ техникалық салада істеп жатқандардың бәрі біздің мамандар, – дейді шенеунік.