Құрылтайда оппозиция бола ма?

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев құрылтайда оппозицияның болу не болмауы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мәулен Әшімбаев оппозицияның үні болашақта шығады деп сендірді. 

- Оған күмәндарыңыз болмасын. Саяси партияларды дамыту ол тек үкіметті мақтайтын партияларды қолдау деген сөз емес қой. Ертең партиялық жүйе қалыптасады. Халық сол партия басшыларына және солардың бағдарламаларына дауыс беретін болады. Егер оппозициялық партия халықтың сеніміне ие болып жатса, ондай партия біздің заңға сәйкес өтетін болады. Көп нәрсе партиялардың өзіне байланысты, – дейді Әшімбаев. 

Оның сөзінше, партиялық жүйені қалыптастыру – парламентке оппозиция өтпейді деген сөз емес. Бастысы партиялар дұрыс жұмыс істеп, халықтың сенімінен шығуы керек. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін құрылтай депутаттары қандай тәсілмен сайланатынын түсіндірген едік. 

Қазақстанда жаңа парламент Құрылтай деп аталатын болады. Бір палаталы парламентте 145 депутат болады.