Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Тоқаевтың айтуынша, білім беру гранттары бес жыл мерзімге есептелген. Палестиналық студенттер Қазақстанның жоғары оқу орындарында түрлі бағыттар бойынша білім ала алады. Сондай-ақ президент Қазақстанның халықаралық деңгейде беделі расталған компаниялар арқылы инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға дайын екенін айтты. Бұл тұрғын үй, мектеп, аурухана және өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысына қатысты болуы мүмкін.
Бұдан бөлек, ел гуманитарлық көмек көрсетуге әзір. Әлемдегі ірі бидай өндірушілердің бірі ретінде Қазақстан Газа секторында және одан тыс аймақтарда азық-түлік қауіпсіздігін қолдауға үлес қоса алады.
– Қазақстан тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күштерді қолдауға, дала госпиталі бар медициналық бөлімшелерді, сондай-ақ азаматтық-әскери үйлестіру орталығына бақылаушылар жіберуге дайын, – деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Қазақстан бірқатар елдермен бірге Газаға көмек көрсету үшін 7 млрд доллардан астам қаржы бөлуге уәде берді.