Шымкенттегі Дендросаябақта ер адамның мәйіті табылды

Сырым Қаржас
pexels

Бүгін, 22 ақпанда таңертең Шымкенттегі Дендросаябақ аумағында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиғаға қатысты Шымкент полиция департаменті ресми түсінік берді. Ведомствоның хабарлауынша, құқық қорғау органдарына суицид белгілері бар мәйіттің табылғаны туралы ақпарат түскен.

ТЕРГЕУ

Аталған дерек бойынша "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында үй ішінде ұзақ уақыт жатқан адамдардың мәйіті табылғанын хабарлаған едік.