95 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ Түркияда ұсталды

Сырым Қаржас
Видео кадры

Түркиядан сериялық алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Анталья қаласынан бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін экстрадициялады.

ТЕРГЕУ ДЕРЕКТЕРІ

Тергеу деректеріне сәйкес, 2019–2020 жылдары күдікті алдау жолымен Шымкент қаласының 4 жәбірленуші - тұрғынының ақшалай қаражаты мен жер учаскелерін иемденіп, оларға жиынтығында шамамен 95 млн теңге көлемінде залал келтірген.

Жәбірленушілердің ақшалай қаражатын иемденгеннен кейін, заңмен белгіленген жауаптылықтан жалтару мақсатында күдікті бой тасалды, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.

ҰСТАЛУЫ

Кейіннен ол Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

ҚАНША ЖЫЛҒА СОТТАЛУЫ МҮМКІН

Айып тағылған қылмыстар үшін қылмыстық заңнамада мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.