Желіде Ақтөбе облысының прокуратурасы ғимараты маңында прокурор Рүстем Құлымжановтың ұсталу сәті көрсетілген видео тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұсталған адам туралы не белгілі?
Еске салайық, прокурордың ұсталғаны туралы ақпарат бірнеше күн бұрын белгілі болды. Ulysmedia.kz редакциясы Рүстем Құлымжанов ұзақ жылдар бойы арнайы прокурор болып жұмыс істеп, қоғамда резонанс тудырған істерге қатысқанын анықтаған болатын. Бұған дейін ол қаржы полициясында қызмет атқарған. Бейресми мәліметке сәйкес, қадағалау органының қызметкері 10 миллион теңге көлемінде пара алуы мүмкін.
Операция қалай өтті?
Видеолардан бірнеше формалы қызметкердің күдіктіні кісенде ұстап тұрғаны көрінеді. Сондай-ақ оның автокөлігінен ақ түсті бір затты алып шыққан сәт те түсірілген. Түсірілімді кездейсоқ куәгер жүргізген. Ұстау операциясына Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратураның өзіндік қауіпсіздік департаменті қатысқан.