"Білмеймін". Министр Сапаров бауырының субсидия алғаны туралы жауап бермеді

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бауырының субсидия алуына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл мәселені журналистер үкіметте өткен брифинг барысында сұрады. 

- Нақтылап өтсеңіз: сіз 2023 жылы министр қызметіне келген кезде ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін көп туыстарыңыздың ешқайсысы субсидия алмайды деп уәде берген едіңіз. Алайда 2019–2020 жылдары ағаңыз Алтынбек Сапаров бюджеттен 713,5 миллион теңге алғаны белгілі. Соңғы үш жылда сіздің туыстарыңыз субсидия алды ма?, – деп сұрады журналист. 

ЖАУАП

Министрге бұл сұрақ ұнамаған секілді. Себебі ол бұл жеке сұрақ екенін айтып, олардың жауабын бұған дейін айтқанын жеткізді. 

- Менің ол жерге ешқандай қатысым жоқ. Мен ол жерде құрылтайшы емеспін. Олар өз жұмыстарын өздері жасап жатыр. Мен ол жерге қатыспаймын да, білмеймін де, кіріскім де келмейді. Мен оны бүгінгі күні қарап жатқан жоқпын, білмеймін, – дейді министр.