Оралда жансақтау бөліміне түскен бала есін жиді

Ulysmedia

Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі дәрігерлер баланың жағдайын қалыпқа келтіргенін айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

«Бала есін жиды. Жағдайы тұрақты ауыр, уақыт өте келе жақсара түседі», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Оралдағы балалар алаңының бірінде ойнап жүрген бала байқаусызда жаттығу жасайтын арқанға оратылып, асылып қала жаздаған болатын. Арқанға қылқынып қалған бала ауруханаға жеткізілген.