Ulysmedia.kz редакциясына кішкентай баланың туыстары хабарласты. Олардың айтуынша, операция кезінде дәрігерлер баланың денесінде дәке (бинт) қалдырып кеткен.
МӘН-ЖАЙ
Жақындарының сөзінше, ота барысында сәбидің ағзасында дәке қалып қойған. Екі ай бойы дәрігерлер баланы бақылауда ұстаған. Кейін УДЗ жасалып, оның денесінде бөгде зат бары анықталған.
Қалған дәке шіріп, осыдан соң қабыну процесі пайда болған. Қазір бала ауыр хәлде жатыр. Сәбидің анасы қазір психологиялық тұрғыдан да, физикалық жағынан да өте қиын жағдайда көрінеді.
Туыстарының айтуынша, дәрігерлер өз қателігін мойындамай отыр. Олар құзырлы органдардан көмек сұрайды.
Редакция мән-жайды анықтау үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына ресми сауал жолдады.