Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев биыл ұзындығы 2 мың шақырым болатын 6 жаңа учаскені іске қосу жоспарланып отрығанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оның айтуынша, елімізде жалпы ұзындығы 4 мың 900 шақырым болатын 26 ақылы жол телімі жұмыс істеп тұр.
Биылғы жылы ұзындығы 2 мың шақырым болатын 6 жаңа учаскені іске қосу жоспарлануда. Олар:
Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал – 554,6 км;
Бурылбайтал-Құрты – 226,4 км;
Ақтөбе-Қандыағаш-Мақат – 89 км;
Талдықорған-Өскемен – 773 км;
Атырау-Астрахань – 277 км;
Мерке-Шу-Бурылбайтал – 78 км.
Сондай-ақ, жол пайдаланушылардың өтініші бойынша ақылы жолдармен жүру үшін ақы төлеу мерзімін 7 күннен 30 күнге дейін ұзарту нормасы енгізілмек, тиісті түзетулер уәкілетті органдарда келісілуде.
“Өткен жылдың қорытындысы бойынша ақылы жолдардан 87 миллиард теңге жиналды және бұл қаражат толығымен ақылы учаскелерді күтіп ұстауға бағытталды (2024 жылы – 48 млрд.теңге). Мәселен, ақылы учаскелерден түскен табыс 1 мың 456 бірлік мамандандырылған техника мен жабдық сатып алуға, 354 мың шаршы метр жол төсеміне ағымдағы жөндеу жүргізуге, сондай-ақ 340 мың текше метр көктайғаққа қарсы материалдарды пайдалануға жұмсалды”, - деді ол.
Жиында ақаулары бар ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысын алуды тоқтата тұру бойынша норма енгізілгені атап өтілді, мәселен, ақаулардың тіркелген көлемі 1 миллион 100 мың шаршы метрді құрайды, барлығы 14 учаске - 477 км, олар бойынша жол-құрылыс маусымы басталмақ.
БҰҒАН ДЕЙІН
Ақылы жолдардан 100 миллиард теңге кіріс күтіліп отырғаны хабарланған еді.