Соғыстың қашан аяқталатынын Иран шешеді - сақшылар корпусы

Сырым Қаржас
Global Look Press

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен соғыс жақын арада аяқталады деген мәлімдемесіне қатаң жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемеде соғыстың қашан аяқталатынын АҚШ емес, Иранның өзі шешетіні айтылған.

– Соғыстың қашан аяқталатынын біз шешеміз. Ұрыс алаңындағы жағдай да, соғыстың аяқталуы да Ислам республикасының қолында, – делінген хабарламада.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы соғыс, оның пікірінше, аяқталуға жақын екенін мәлімдеген еді. Ол сондай-ақ Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары мен оларды өндіретін нысандарды жою жалғасып жатқанын айтқан.