Елде пәтер жалдау бағасының төмендеуі байқалып отыр. Бұл үрдіс биыл қаңтар айынан басталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Krisha.kz мәліметінше, жыл басынан бергі толық үш айға жетпейтін уақыт ішінде елдегі 19 қаланың 9-ында жалдау ақысы төмендеген. Мәселен, Қостанайда баға 5,1 пайызға, Алматы мен Шымкентте 4 пайызға, Павлодарда 3,5 пайызға азайған.
Ал Астана мен Атырауда бағаның төмендеуі онша айқын емес. Бұл қалаларда жалдау құны шамамен 2 пайызға арзандаған.
ҚЫМБАТТАУ
Осы есепті кезеңде Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен және Талдықорғанда жалға алу бағасы сәл өскен. Барлық қалада өсім 1 пайыздан 7 пайызға дейін аралығында болған.
БАҒА
Ел бойынша пәтер жалдаудың орташа құны – шаршы метрі үшін 3 389 теңге. Ең қымбат жалдау ақысы Астана мен Алматыда тіркелген. Елордада бір шаршы метрдің бағасы 5 692 теңге болса, Алматыда 5 мың теңге.
Ал Түркістанда, керісінше, пәтер жалдау ең арзан. Бұл қалада бір шаршы метрдің құны шамамен 2 мың теңге.