Адвокат Рена Керимова ҚазТАГ басшысы Әсет Матаевқа арандату болғанын айтты. Матаевтың басы жарылып, маңдай сүйегі сынған, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Рена Керимова Әсет Матаевпен сөйлескен. Ол өзінің «Бұзақылық» бабымен ұсталғанын растаған. Адвокаттың сөзінше, Әсет Матаев өзіне оқиға болған күні белгісіз адамдар арандату жасағанын айтқан.
«Оның сөзінше, өткен түні досымен бірге Достық даңғылындағы бардан шығып, таксиге бет алған сәтте белгісіз ер адамдармен жанжал туындаған. Қысқа ғана кикілжіңнен кейін, шамамен 5–6 адамнан тұратын топ (арасында қыздар да болған) Әсет пен оның досы Уәлиханға шабуыл жасап, оларды соққыға жыққан», – дейді Рена Керимова.
Адвокаттың айтуынша, төбелес кезінде Әсет Матаев ауыр соққылар салған. Салдарынан басы жарылып, маңдай сүйегі сынған.
«Қазіргі Әсет сот-медициналық сараптамадан өтті. Сараптама нәтижесінде оның денсаулығына елеулі зиян келгені анықталды: бас сүйегі жарақаттанып, ашық жарақат алған, маңдай қуысының алдыңғы және төменгі жағы сынған, гемосинус және сол жақ маңдай тұсында соғылу салдарынан жарақат тіркелген», – деді ол.
Бұған дейін ҚазТАГ басшысы Әсет Матаевтың «Бұзақылық» бабымен қамауға алынғаны туралы айтылған. Бұл ақпаратты полиция да растаған.