Астанада жедел жәрдем станциясының экс-директоры ақша жымқырған деген күдікке ілінді

Сырым Қаржас
Фото: azh.kz

Астанада қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Айыпталушы — ҚЖМЖС-тың бұрынғы директоры Мұрат Оразбаев, сондай-ақ станция қызметкерлері: көлік бөлімінің экс-басшысы Арман Балабеков пен бұрынғы механик Айбек Әбдіров.

Тергеу мәліметінше, олар бюджет қаражатын жымқыруға қатысы болуы мүмкін. Үшеуі де аса ірі және ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету бабы бойынша жауапқа тартылып отыр. Мұрат Оразбаев қалалық жедел жәрдем станциясын 2019 жылдың қарашасынан бастап басқарған.

2023 жылдың желтоқсанында ол қызметінен шеттетілді. Қазір ол қамауда отыр. Іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына 2026 жылдың қаңтарында түскен. Сот алдын ала тыңдау өткізіп, одан кейін негізгі сот талқылауы басталды. Қорғау тарапының істі тоқтату, материалдарды прокурорға қайтару және бұлтартпау шарасын жеңілдету туралы өтініштері сот тарапынан қанағаттандырылған жоқ. Үш айыпталушы қамауда қалды, тағы бір күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.