Алматы қорығындағы қоңыр аюлар қысқы ұйқыдан ерте оянды

Сырым Қаржас
Видео кадры

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар қысқы ұйқыдан ерте оянады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ФОТОТҰЗАҚТАҒЫ КАДРЛАР

Алматы қорығында мекендейтін қоңыр аюлар қысқы ұйқыдан ақпан айының соңы мен наурыз айының ортасы аралығында ояна бастайды. 2026 жылы фототұзақ деректеріне сәйкес, қысқы ұйқыдан оянған аюдың камера алдына алғаш тіркелген уақыты 13 наурыз.

АЮЛАР ҚАЙДА ТІРШІЛІК ЕТЕДІ?

Қорық аумағында қоңыр аюлар ірі шатқалдардың барлығында дерлік кездеседі. Олар теңіз деңгейінен 1200–3500 метр биіктікте, аралас жапырақты ормандарда, қылқан жапырақты шыршалы ормандарда, субальпілік және альпілік белдеулерде тіршілік етеді.

Көктемде тауда қардың қалың жатуына байланысты аюлар таудың теріскей беткейіне қарағанда, күнгей беткейлерде жиірек жүреді. Себебі бұл аймақтарда қар ертерек еріп, қорек табу мүмкіндігі мол болады.