Бағанашылдағы балалар үйінің ғимараты сүрілді

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Алматыдағы Бағанашыл ауданында орналасқан балалар үйінің ғимараты сүрілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әкімдік мәліметінше, 2025 жылғы 13 қазанда «Integra Construction» ЖШС мен Алматы қаласының Құрылыс басқармасы арасында жаңа нысанды жобалау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

ТЕКСЕРІС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Техникалық тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік және оқу корпустарының, спорт және акт залдарының ғимараттары сейсмикалық күшейтуге жатпайтыны және бұзылуға тиіс екені анықталған. Қазіргі таңда ғимараттарды демонтаждау жұмыстары толық аяқталды.

Жоба аясында жатын корпусын реконструкциялау, сондай-ақ жаңа оқу, спорт, әкімшілік корпустар мен асхана салу қарастырылған.

Жұмыстарды аяқтау мерзімі — ағымдағы жылдың IV тоқсаны.

БҰҒАН ДЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы дау болған №1 балалар үйінің ғимараты толықтай сүрілетіні хабарланған болатын. Жөндеу жұмыстары кезінде балалар басқа жерге орналастырылады. Балаларды көшіру жұмыстары қала аумағында жүзеге асырылады.