Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды көшеде пышақтап өлтірген күдікті Шерхан Аймаханға қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КҮДІКТІ ЕМ ҚАБЫЛДАП ЖҮР МЕ?
Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбайдың сөзінше, қазіргі таңда күдікті Аймахан Шерхан "психикалық ауытқуы байқалды" деген себеппен Алматы облысы, Талғар ауданында ем қабылдап жатыр деген сыбыс бар.
- Осыған байланысты, өкінішке орай Нұрайдың ісі созбаланып жатыр. Арада 3 ай өтті, бірақ әлі тергеу аяқталған жоқ және сот процесіне жеткен жоқ, – дейді Сұлтан.
ЖАУАПСЫЗ СҰРАҚТАР
Осыған байланысты Сұлтан бірнеше сұрақ қойды.
ҮНДЕУ
Сұлтан президентке үндеу жолдап, көмек сұрады.
- Сондықтан да ҚР президенті Тоқаев мырзаға және Президент Әкімшілігіне үндеу жолдаймыз. Нұрайдың ісін бақылауға алып, тиісті деңгейде жүргізілсе екен дейміз. Біз тек әділдікті талап етеміз, – дейді Нұрайды ағасы.
ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА
Еске салайық, бұл қайғылы оқиға 11 қаңтарда болған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнебақылау камераларының жазбаларында ер адамның қызды қуып жетіп, оның қашуға және қарсылық көрсетуге тырысқанына қарамастан пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткені көрінеді. 13 қаңтарда күдікті 28 жастағы өңір тұрғыны қала шетінен 10 шақырым қашықта ұсталды.
Кейін шабуыл аяқ асты жасалмағаны белгілі болды. Нұрайдың туыстарының айтуынша, оған дейін Шерхан Аймахан бірнеше ай бойы сталкинг жасап, алып қашу (қалыңдықты ұрлау) оқиғасы да болған. Отбасы полициядан бірнеше рет көмек сұрағанымен, олардың арыздары қабылданбаған.