Атырау облысындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған ұлттық гимназияның 11-сынып оқушысы Жазира Кеңесова наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, ең жоғары 140 балл жинады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚУШЫ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ?
Жазира Кеңесова тестілеуге тек мектеп бағдарламасы бойынша ғана емес, қосымша дайындық курстарында да дайындалған.
Ол гимназияның белсенді оқушыларының бірі, сондай-ақ «Парасат» дебат клубының президенті.
— Қаңтар айындағы ҰБТ-да ол 138 балл жинаса, наурыздағы тестілеуде 140 баллға қол жеткізді. Қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығының арқасында тиісті пәндер комбинациясын таңдаған. Болашақта филолог болуды жоспарлап отыр, — деп хабарлады оқу орны.