Көрінбей кеткен Кәмшат Жолдыбаева жаңалықтарымен бөлісті

Ulysmedia
фото: ашық дереккөзден

Кезінде Кешью тобының алтын құрамы атанған қыздар сахнаға қайта оралып жатыр. Әсіресе, осы уақытқа дейін жеке өмірін құпияда ұстаған Кәмшат Жолдыбаева жаңа әнін күтіп жүргенін Revue News бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
 

Сахнаға қайта оралу ойымда бар. Бірақ “жауға шапқандай” алып-жұлып асыққым келмейді. Бәрі ақырындап, жайлап болғанын қалаймын. Композиторларға әнге тапсырыс беріп қойғанмын, – дейді әнші.

Кәмшат Жолдыбаева продюсердің жобаларына қазір ыңғайсыз актриса екенін де жасырмады.

Өйткені мен продюсерге: “Сіздің жұмысыңыз маған екінші орында, бірінші орында отбасым” деп бірден айтамын, – дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы наурыз айында Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазірет Қажымұқанұлы отбасын құрған еді. Екеуінің махаббаты түсірілім кезінде басталған. Жас отбасының бір қызы бар.

“Кәрі қыз бала тапса, қоярға жер таппайды” дейді ғой. Сол сөз мен жайлы. Шыны керек, барлығы күйеуімді қатал, сахнаға шығармайды деп ойлайды. Мен осыдан 3-4 жыл бұрын, келіндік өмірге кіріспей тұрып психологияға бет бұра бастадым. Қазіргі таңда мен біреудің әйелі, біреудің анасы, біреудің келінімін,– дейді Жолдыбаева.