Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі Алматыдан табылды. Ол 24 наурызда үйінен шығып, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Танымал әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды. Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз.Естеріңізде болса, туыстары Баир 24 наурызда үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған еді. Ол Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы,– деп жазды Жазира Бегалы.
Бұған дейін марқұмның жары "Бармысың бауырым?" бағдарламасына шығып, іздеу салған болатын.
Ер адамның денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Кеше Алматы қаласының Бостандық ауданынан табылды. Жағдайдың мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады жергілікті полиция департаменті.