Қазақстанда вице-министр лауазымына қай әйел лайық?

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда вице-президент қызметіне кім тағайындалуы мүмкін? Ulysmedia.kz тілшісі бұл сауалды Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, депутат Айгүл Құспанға қойды.

ҚҰСПАННЫҢ ЖАУАБЫ

Қазақстанда конституциялық реформа басталғалы бері вице-президент лауазымына үміткерлер жайлы қызу талқы жүріп жатыр. Ықтимал кандидаттар қатарында Айгүл Құспанның есімі де аталады. Алайда депутаттың өзі мұндай әңгімеден хабарсыз екенін айтып, бұл қызметке өзін лайық деп санамайтынын жеткізді.

– Меніңше, бұл лауазымды менен әлдеқайда салмақты саяси тұлға иеленуі қажет, – деді ол.

Нақты кімдерді үміткер ретінде көретінін Айгүл Құспан ашып айтпады. Дегенмен бұл қызметті әйел адамның да атқара алатынын жоққа шығармайды.

– Неге байқап көрмеске, жаман болмас еді, – деді депутат.

Өзінің алдағы саяси жоспарына қатысты ол Құрылтай құрамына ену жайын әзірге ойластырмағанын айтты.

ТІС ҚАҚҚАН ДИПЛОМАТ

Айгүл Құспан 2021 жылдан бері Парламент Мәжілісінің депутаты. Сол уақыттан бері халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарып келеді. Бұған дейін Еуропаның бірқатар елдеріндегі елшіліктерде қызмет атқарған, Сыртқы істер министрлігінде түрлі лауазымдарды иеленген. Сондай-ақ Қазақстанның Бельгиядағы елшісі болып, елдің Еуропалық одақ пен НАТО жанындағы өкілдігін басқарған.

Саяси тәжірибесінде халықаралық ұйымдардағы жұмыс та бар. Атап айтқанда, Парламентаралық одақ пен ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясына қатысқан. Жақында Айгүл Құспан ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясының саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы болып бірауыздан сайланды.