Орталық Азия елдерінен жаппай үй алып жатқан кімдер?

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөзден

Орталық Азияда жылжымайтын мүлік нарығы қызып тұр. Аймақ елдеріндегі тұрғын үйлерді кімдер сатып алып жатыр? Нарықтағы басты ойыншылар кімдер?

Ayvon.uz сайтының жазуынша, Орталық Азия елдерінен негізінен Ресей, Түркия, БАӘ және Қытай азаматтары жылжымайтын мүлік сатып алады. 2025 жылы аймақ елдеріне құйылған инвестиция көлемі артқан.

Қазақстан

Елде бұрынғысынша Алматы мен Астана ірі капитал тартатын орталық статусын әлі де сақтап отыр. Бұл қалалардан жылжымайтын мүлік сатып алушылар Ресей, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтары. Олар негізінен үйді брендтік резиденциялардан (Ritz-Carlton, St. Regis) сатып алады. Инвестиция көлемі 19,1 пайызға артқан. Жеке үйлерге қызығушылық азайып, оның орнына 5 жұлдызды сервисі бар тұрғын үй кешендеріне сұраныс өскен. 

Өзбекстан

2025 жылдың маусымында инвестиция құйғандарға елде тұруға рұқсат беру бағдарламасы іске қосылғаннан кейін Ташкент үлкен құрылыс алаңына айналған. Өзбекстанға келіп жатқан шетелдіктердің басым көпшілігі Ресей, Түркия, БАӘ және Оңтүстік Корея азаматтары. Ташкентте уақытша тұруға рұқсат алу 300 мың АҚШ долларынан басталады. Шетелдіктер «New Tashkent» ауданындағы жаңа тұрғын үйлерді белсенді сатып алып жатыр.

Қырғызстан

Бішкек пен Ыстықкөл маңындағы жылжымайтын мүлікке инвестициялар салу өте қарқынды жүріп жатыр. Қырғызстан негізінен Қытай қаржысына иек артып отыр. Қытайдан келген тікелей инвестиция көлемі 166миллион доллардан асып, бизнес санатындағы тұрғын үйлерге сұранысты арттырған. Қытайдан кейін елге келіп жатқан шетелдіктер үштігін Ресей мен Түркия түйіндеп тұр.

Тәжікстан

Тәжікстанда ТМД елдерінен келетін шетелдік капитал ағыны 35%-ға өскен. Негізгі қызығушылық — өнеркәсіптік және элиталық тұрғын аймақтарға бағытталған.