Тоқаев жастарды әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Ulysmedia

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

“Мемлекет басшысы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, елімізде мерзімді әскери қызметке шақырту үшін іздестіріліп жатқан азаттар саны 30 мыңнан асып жығылған.