Мемлекеттік қызметте ең төменгі жалақаны неге көтермейді?

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөздерінен

Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) көтеру мәселесіне қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілі Асқарбек Маратұлы түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Оның айтуынша, ЕТЖ мөлшерін арттыру тек мемлекеттік секторға ғана емес, бүкіл еңбек нарығына тікелей әсер ететін шешім.

- «Егер ең төменгі жалақыны көтеретін болсақ, барлық секторда жалақы көтеріледі. Мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке сектор да қамтылады. Сол себепті бұл шешім тек мемлекеттік деңгейде емес, жұмыс берушілермен бірге талқылануы керек. Ортақ келісім қажет», — деді Асқарбек Маратұлы.

Оның айтуынша, ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі жыл сайын қаралып, талқыланып келеді. Бұл бағытта барлық тараптың келісімі маңызды рөл атқарады. Мемлекет мұндай шешім қабылданған жағдайда оны жүзеге асыруға дайын екенін де жеткізді.