Иран әскері Ормұз бұғазындағы екі кемені басып алды

Қалижан Бектемір
fedpress.ru

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормұз бұғазы маңында рұқсатсыз өткен екі контейнерлік кемені басып алған, деп Ulysmedia.kz Press TV телеарнасына сілтеме жасап.

АҚШ ӘСКЕРІМЕН БАЙЛАНЫСТА МА?

КСИР мәліметінше, ұсталған кемелер – MSC Francesca және Epaminondas. Әскери құрылымның айтуынша, Epaminondas кемесі АҚШ әскери күштерімен байланыста болуы мүмкін, ал MSC Francesca Израильмен байланысты деп күдікке ілінген.

Телеарна хабарлауынша, аталған кемелер тексеру жүргізу үшін Иранның аумақтық суларына жеткізіледі. Онда жүктің сипаты мен құжаттары жан-жақты қаралады.

Epaminondas кемесі Либерия туы астында жүзіп, Үндістандағы Мундра портына бағыт алғаны айтылды. Сондай-ақ КСИР дерегінше, бұл кеме 2024-2026 жылдар аралығында АҚШ-тың 11 портында 36 рет аялдап, шамамен 299 мың тонна жүк түсірген.

ОРМҰЗ БҰҒАЗЫ

Айта кетейік, Ормұз бұғазы – әлемдік мұнай мен газ жеткізілімінің шамамен 20 пайызы өтетін стратегиялық маңызды аймақ. 13 сәуірден бастап АҚШ теңіз күштері бұл аймақтағы теңіз қозғалысына бақылауды күшейткен.

Еске салсақ, бұған дейін Ормұздағы дағдарыс Орта дәлізді дамытуға итермелеп отырғанын жазған едік.

ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: АҚШ пен Израиль Иранды «тас дәуіріне қайтаруға» дайын отыр