АҚШ-та Дональд Трамп қатысқан журналистер кешінде оқ атқан адам өз мақсатын атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КҮДІКТІ НЕ ДЕДІ?
CBS News дереккөздерінің мәліметінше, ұсталғаннан кейін күдікті ер адам АҚШ президенті әкімшілігінің өкілдеріне оқ атпақ болғанын мойындаған. Алайда оның нақты нысанасы Дональд Трамп болмағанын айтқан.
Белгілі болғандай, күдіктінің жеке басы анықталған. Ол – Калифорния штатының 31 жастағы тұрғыны Коул Аллен, мамандығы бойынша мұғалім.
Қазіргі уақытта оған атыс қаруын қолдану және федералдық қызметкерге шабуыл жасау баптары бойынша айып тағу дайындалып жатыр.
КОНТЕКСТ
Оқиға Вашингтон қаласындағы Washington Hilton қонақүйінде өткен Ақ үй тілшілер қауымдастығының кешіне кіреберісте болған. Сол сәтте шарада Дональд Трамп, бірінші ханым Мелания Трамп және вице-президент Джей Ди Вэнс болған.
Күдікті оқиға орнында ұсталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оның жанынан дробовик, тапанша және пышақтар табылған. Шабуыл кезінде Құпия қызметтің бір қызметкері жараланғанымен, оны бронежилет қорғап қалған. Кейін оның ауруханадан шығарылғаны белгілі болды.
Ал күдікті ұсталғаннан кейін медициналық тексеруге жіберілген. Ал Дональд Трамп бұған дейін күдіктің видеосын жариялаған еді.