Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Қазгидромент” айтуынша, ел бойынша қолайсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-шығысы мен шығысының таулы аймақтарында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, шығыста бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Орталықта, республиканың қиыр батысында жауын-шашынсыз. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте шаңды дауыл күтілуде,– делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Кейбір өңірлерде үсік күтіледі.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында 1-3 градус үсік күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Сондай-ақ, келесі аймақтарда:

Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Палодар облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтілуде.