АҚШ-та Трамп бейнеленген паспорттар шығарылады

Ulysmedia
фото: Ақ үй

АҚШ-та тәуелсіздіктің 250 жылдығына байланысты президент Дональд Трамп бейнеленген паспорттардың арнайы сериясы шығарылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, Дональд Трамптің бейнесі бар паспорттарды Вашингтон қаласындағы паспорт агенттігі береді. Онлайн өтініш берілсе немесе құжатты басқа бөлімшелерденалған жағдайда стандартты дизайндағы паспорт табысталады.

Жарияланған макетке сәйкес, паспорт мұқабасының ішкі алдыңғы бетінде Трамптың бейнесі мен оның алтын түстес қолтаңбасы орналасқан.  Мұқабаның артқы бетінде америкалық суретші Джон Трамбуллдің «Тәуелсіздік декларациясы» картинасының бір бөлігі бейнеленеді. Мұндай паспорттардың нақты қанша дана шығарылатыны әзірге белгісіз.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін, 26 наурызда Дональд Трамптың қолтаңбасы тәуелсіздіктің 250 жылдығына орай шығарылатын 100 долларлық банкнотқа да орналастырылатын туралы айтылған. Осылайша банкнотада АҚШ президентінің қолтаңбасы 165 жылдан соң алғаш рет қазынашының қолтаңбасын алмастырып отыр.