Chanel – көшбасшы: әлемдегі ең танымал сән бұйымдары анықталды

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөзден

Lyst биылғы жылдың бірінші тоқсаны бойынша ең танымал сән брендтері мен бұйымдарының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тоқсан сайынғы рейтинг қорытындысы бойынша, Chanel әлемдегі ең сұранысқа ие, ең «танымал» бренд атанып, бірінші орынға шықты. Осылайша, ол бұрын көш бастап келген Saint Laurent брендін артта қалдырды. Үздік үштікті Dior түйіндеді.

ЕҢ ТАНЫМАЛ БҰЙЫМДАР

Сарапшылар тек брендтерді ғана емес, ең танымал сән бұйымдарын да анықтаған. Бірінші тоқсанда трендке айналған топ-3 зат мыналар болды:

  • Saint Laurent желден қорғайтын күртесі;
  • Chanel-дің жалбыз түсті туфлиі;
  • Adidas ұсынған ципао өрнегімен безендірілген спорттық күрте.

Сондай-ақ маусым трендтерінің қатарында Saint Laurent брендінің «муха» стиліндегі көзілдірігі де ерекше сұранысқа ие болды. Бұл аксессуар маусымның басты сән элементтерінің біріне айналды.

«ТУРА 80-ЖЫЛДАРДАН КЕЛГЕНДЕЙ»

Ал интернет қолданушылары ерекше атап өткен тағы бір үрдіс – ностальгиялық бағыттағы камбэк. Олардың пікірінше, ең сәтті қайта оралған бұйым – Kangol береті.
«Тура 80-жылдардан келгендей», – деп жазды желі қолданушылары.

Жалпы, биылғы рейтинг сән индустриясында классикалық брендтердің позициясы әлі де мықты екенін және ретро элементтердің қайтадан трендке айналып жатқанын көрсетеді.